top of page

Шәрбан Батталқызы Батталова

Шәрбан Батталқызы Батталова(15.8.1921 ж.т., Қарағанды облысы Шет ауданы) – хим. ғыл. докт. (1970), проф. (1972), Қазақстан ғылым академиясының акад. (1989), Қазақстанның еңбек сің. ғыл. және тех. қайраткері (1993). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. Мәскеу мемл. ун-тін (1948) және оның аспирантурасын (1952) бітірген. 1952 жылдан Хим. ғылымдары ин-тында аға ғыл. қызметкер, лаборатория меңгерушісі (1956–1959 ж. осы ин-ттың тапсыруымен Қазақ қыздар пед. ин-тында химия кафедрасын ұйымдастырып, онда дәріс берді) болды. «Қазақстанның кейбір бентониттерінің катализдік және тазартқыштық қасиеттері» деген тақырыпта докт. дисс. қорғады. Негізгі ғыл. еңбектері алюмосиликаттар катализіне және әр түрлі хим. заттардың сорбтану қасиеттерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстандағы минералдық шикізаттардан алынатын қосылыстарды тазарту мақсатымен көмірсутектерге және сорбенттерге әсер ететін катализаторлар алу, оларды қолдану мәселелерімен шұғылданды, алюмосиликаттардың катализдік әсері мен сорбтану қасиеттері арасындағы байланысты анықтады. Б. 200 ғыл. еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы, 6 авторлық куәлігі бар. «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.

Шығармалары

  • Физико-химические и каталитические свойства вермикулита, А.-А, 1982;

  • Физико-химические основы получения и применения катализаторов и адсорбентов из бентонитов, А.-А, 1986.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page