top of page

Ақжал кенті

1929 жылдың 1 мамырына дейін Ақжал кенті округіне қарасты Шалтас шатқалы (Қызыл- Еспе) Шет ауданының алғашқы орталығы болған. Ақжал кенті 1950 жылы полиметалл рудасын өндіру кезінде пайда болды. Қасқайғыр-Ақжал елді-мекені 1950 жылы Қарағанды өндірістік облыстық атқару комитетінің 1964 жылдың 18 тамызындағы шешіміне сай, Ақшатау өнеркәсіп ауданы құрамына жұмысшы кенті санатына жатқызылып Ақжал – қала типті кенті атауымен кіргізілді. 1964 жылдан бастап Ақжал – қала типті кент болып бекіді. Пайдалы кен қазбалар орындары: Ақжал, Қызылеспе.

ҚазССР Президиумының Жоғарғы Советінің 31 желтоқсан 1964 жылғы Жарлығымен Ақшатау өнеркәсіп ауданы жойылып, Ақжал кенті Шет ауданының құрамына берілген. Қаз ССР Президиумының Жоғарғы Советінің 20 наурыз 1973 жылғы Жарлығымен Ақжал кенті Жезқазған облысының Ақадыр ауданының құрамына берілген. 1997 жылы Ақадыр ауданы Шет ауданымен біріктірілуіне байланысты Шет ауданы құрамына қайта кірді.

Ақжал кенті аумағында өткен ғасырдың 30-жылдарында «Қызыл өркен», «Ұйымшыл», «Жақсылық» ұжымшарлары ұйымдастырылған. 60-жылдардың басында 3 ұжымшарды біріктіру негізінде «Қарабұлақ» кеңшары құрылды. Қарабұлақ кеңшары ауыл шаруашылығы,оның ішінде мал шаруашылығымен айналысты. 1997 жылдан бастап Қарабұлақ (Ақжартас) ауылдық округі таратылып, Ақжал кенттік әкімдігі аумағына кіргізілді. Кент округі жерінің жалпы ауданы — 524464 га. Кент округі халқының саны 3835 адамды құрады.Халқы 18 түрлі ұлттан құралған,оның ішінде қазақтар -94,84 %, орыстар -2,82%,қалғаны өзге ұлт өкілдері.


Избранные посты
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Недавние посты
Архив
Поиск по тегам
Тегов пока нет.
Мы в соцсетях
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page