Алғыс айту
Алғыс айту күні – ерекше мереке. Алғысымызды ең алдымен ата-анамызға, туыстарымызға, мұғалімдер мен тәрбиешілерге білдіретініміз анық.Өйткені ғасырдың күрделі жағдайларында ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың аман қалуына мүмкіндік берген, адамзатқа тән, өмірдің өзіне негізделген ең жақсы қасиеттер, ізгі ниеттер біздерге солар арқылы жетті.
1-Наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін Елбасының бастамасымен қазақ елінде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің бір-біріне деген ризашылығын білдіру күні, әсіресе, тағдыр тауқыметімен Қазақстанға жер аударылғандарды жатсынбай бауырына басып, қолындағы барымен бөліскен қазақтарға алғыс сезімін білдіру күні деп жариялауы тарихи әділдіктің салтанат құрғаны, өмірлік шындыққа ақиқат көзбен қарау деп бағалағанымыз жөн.
Іс-шараға барлығы белсене қатысып, алғыс айту күніне алғыстарын айтып, белсенділік танытты. Іс – шара оқырмандарымыздың көңілдерінен шығып, жақсы өтті.