Абайдың інілері, қазақтың ірілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет
1-жүргізуші. Құрметті әріптестер, қонақтар, оқушылар. Бүгін «Абайдың інілері, қазақтың ірілері – Сәкен, Ілияс, Бейімбет» атты әдеби кешімізге кош келдіңіздер! Үш бәйтерек! Сәкен, Ілияс, Бейімбет! Үшеуі де – ерекше дарынды тұлғалар. Олар барлық күш-жігерін көркем сөзбен халқына қызмет етуге жұмсады, үш ақынның өлең жырлары сіздерді бүгінгі кешімізде ұмытылмас бақытқа бөлейді деген үміттеміз.
2-жүргізуші. Биыл, халқы үшін күрес жолында жанын пида еткен үш арысымыздың туғанына 125 жыл толады. Қазақ халқының маңдайына біткен жақұт жұлдызы Сакен Сейфуллин туралы қысқаша видеороликті сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.
Зымыраған уақыт жылжып өткен сайын, тарихтың терең қойнауына еніп, өз орнын анықтаған, жаңғырып жарқырай түсетін, ірі тұлғалар адамзаттың мақтанышына айналды. Бүгінгі әдеби кешімізді Сәкен Сейфуллиннің «Далада» өлеңін Абжанова Жауқазын, «Көкшетау», «Ақсақ киік» поэмаларын Бақдаулет Аружан, Халиолла Жансая оқырмандарымыз жалғастырады.
«Шұғыла» мәдениет үйінің мәдени қызметкері Рымтай Майкенқызын Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» өлеңімен қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші.Қазақтың Абайдан кейінгі аса дарынды да, арынды ақыны І.Жансүгіров жерінің бетін 7 өзені өрнектеп, заңғар таулары көкке сұғынған көркем өлкенің әсем бір өңірі Талдықорған облысында, ағынды Ақсу бойында дүниеге келген. І.Жансүгіровтың өмірбаяны туралы қысқаша видеороликке көз жүгіртіп өтсек.
Әр түрлі тақырыпта жырлаған І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасымен Әлімқұл Жібекті, «Cаналы жастарға» өлеңімен Тұрғанбаева Аружанды ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, үлкен ақын, әрі драматург Б.Майлин сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша видеоға назар салыңыздар.
Қазақ поэзиясы биік белестерден көрініп, биік шыңдарға жалғасып келеді. Кешіміздің жалғасын кітапханамыздың оқырмандары Халиолла Жансая мен Тұрған Аяжан Б.Майлиннің «Құбақан» мен «Кедейлер» атты өлеңдерін сіздерге арнайды.
Бүгінгі кешіміз осымен соңына да жетіп қалды. Кешіміздің қорытынды сөзін кітапханашы Күмісай Рысқұлбекқызына береміз.