Балғын балалар – біздің болашағымыз
Ақжал кенттік кітапханасында 1-маусым балалар күніне орай «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты дөңгелек үстел өтті.
Жаны құмар сәби ек жаңалыққа Шаруасы жоқ паңдық та, даналық та Жаратқанның теңдессіз шеберлігі-ай Бар бақытты сиғызған балалыққа
Бүгінгі 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні құтты болсын. Тәуелсіз елімізде бүлдіршіндеріміз бақытты, дені сау болуы үшін барлық жағдай жасалуда. Демек, жас ұрпақтардың келешегі кемел деген сөз.
Шараға кентіміздің кішкентай бүлдіршіндері қатысты. Кішкентай оқырмандарымызға әр түрлі ойындар ойнатылып, ертегілерден жасалған көрме, кітапханамыздағы қызықты әр түрлі ертегілер таныстырылды. Оқырмандарымызға ертегілер оқып, бірге өлең айттық. Кішкентай оқырмандарымыз өздерінің білетін тақпақтарымен ертегілерімен бөлісті. Шараның жалғасы Мәдениет үйінің ұйымдастырған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кішкентай кітапханамыздың бүлдіршіндерінің атынан бір өлең дайындалып, сахнада орындалды.