top of page

Азалы жылдар жаңғырығы

31.05.2019 ж Ақжал кенттік кітапханамызда 31 – мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Азалы жылдар жаңғырығы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мың өліп, мың тірілген қазақ елі өзінің қалыптасу тарихында талай нәубатты бастан өткергені әмбеге аян. Қаншама зобалаң жылдарды бастан кешкен қазағымның әрқайсысының айтқан зары, кешкен мұңы, жүріп өткен тар жолдары – бәрі – бәрі бүгінгі ұрпағының құлағында, жүрегінде, мәңгі есінде. Елінің азаттығы, жерінің бүтіндігі, ұрпағының болашағы үшін күрескен тұлғалардың есімін мәңгі есте сақтау, қолдан жасалған ашаршылық құрбандарын аза тұту мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Азалы жылдар жаңғырығы туралы зейнеткер Карабаев Нариман қазақ ұлтының өткен ғасырдағы басынан кешірген сұмдық қайғы-қасіреті қазал террор жылдардың оқиғасын, жазықсыз құрбан болған боздақтардың есімін мәңгі ұмытпай, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар тарихына тереңірек мән беріп ұғыну – бүгінгі ұрпақтың борышы екенін атап өтіп, отаршылдыққа қарсы тұруға шығарған Шортанбай жырау жырынан үзінді келтіреді.

Кітапханашылар Шерхан Мұртазаевтің «Қызыл жебе» , Т.Рыскелдиевтің «Ұлы көш», К.Жүністегінің «Көгілдір күмбез» кітаптарын таныстырып өтті. Шараға Қазақ әдебиеті «Ашыққан дала», Орталық қазақстан «Азаттық үшін арпалысқан Алаш арысы» атты газеттерден алынған мақалалар кітапша қылдырып шығарылып, оқырмандарға таныстырылып өтті.

Сонымен қоса, кітапханамызға кітап алуға келген оқырмандарымызға да осы Қуғын-сүргін күніне орай ұйымдастырған көрмемізді таныстырып отырдық, әр оқырман өздеріне қызықты кітаптарын осы сөреден тапты десек те болады.


Таңдамалы жаңалық
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтер бойынша іздеу 
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page