top of page

Ұлы ерлік мәңгі өшпейді

Ұлы жеңіс мерекесіне орай Ақжал кенттік кітапханасында «Ұлы ерлік мәңгі өшпейді» атты тәрбие сағаты өтті.

Шараға мектеп оқушылары, ұстаздар, ардагерлер де қатысты.

Шарада кітапханашылар ұлы ерлік туралы жасалған выставкалары мен шағын мағлұматтарын оқырмандарға таныстырып өтті. Ақжал негізгі мектебінің 6 сынып оқушысы Тұрғанбекова Аружан өзінің «Ұлы Отан соғысы» атты өлеңін оқырмандарға арнады.

Шараның жалғасы обелискіде жалғасты. Мерекеде сөз алған кент әкімі М.Молыбаев, кәсіпорын басшысы С.Асан, ақсақалдар алқасының төрағасы С.Қамбар жиынға келген кент тұрғындарын мерейлі мерекемен құттықтап, ардагер ағаларымыздың ерлік істері ұрпақтар жадында мәңгі сақталатынын, оларға қашан да қарыздар екенімізді тілге тиек ете келе, еліміздің бейбітшілік мәңгі тұрақтасын деген ақ тілектерін жолдады. Ардагерлермен бірге мәңгілік алауға бағытталған кент басшылары, мектеп оқушылары, жұртшылық соғыс құрбандарының ескерткіштеріне ақ, қызыл гүл шоқтарын қойды. Шұғыла мәдениет үйі мен Ақжал кенттік кітапханасы біріге жасалған концерттік іс шарамен жалғасын тапты.


Таңдамалы жаңалық
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтер бойынша іздеу 
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page