top of page

Ұланды елдің ұрпағы – Қайсар

07.05.19 Ақжал кенттік кітапханамызда қарулы күштер күніне орай, оқу залында, тәрбие сағаты өткізілді. Шараның тақырыбы: «Ұланды елдің ұрпағы – Қайсар». Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Шараға қатысқандар: Ұстаздар, оқушылар, кітапханашылар.

Шара кітапханашы Акжан Маралқызының 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне арналған қысқаша құттықтау сөздерімен ашылды. Оқырмандарымыз өздерінің тілектерін ортаға салып, ер азаматтарымызды құттықтады. Шара барысында алынған мақсат бойынша оқырмандарымыздың бойына ержүректік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін, викториналық сұрақ арқылы аша түстік. Кітапханашы қораптағы сұрақтар жасырылған қағаздарды ортаға қояды. Әр оқырман ішнен бір қағазды таңдап алып, оның ішіндегі сұраққа жауап береді. Викториналық сұрақтарда кездескен кішігірім сұрақтар:

1.Тудың ортасында не бейнеленген және авторы кім?

2.Біздің гимнің авторлары кім?

3.Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат.(Әскери ант)

4.Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган.(Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)

5.Кіші лейтенанттан кіші, старшинадан үлкен әскери атақ. (Прапорщик)

Шара оқырмандарымызға ұнады. Әр оқырман кітапханамыз туралы өз ізгі тілектерін жеткізді.


Таңдамалы жаңалық
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтер бойынша іздеу 
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page