Ынтымақтастық, бірлік, келісім – ең басты байлық біз үшін
Мақсаты: Әлемде бейбітшілік кезеңінде бейбітшілікті сақтау үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие беру.Ұрпақ санасында бейбітшілік ұғымының терең қалыптасуына жол ашу.
Армысыздар құрметті қонақтар! Сіздерді 1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт - аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған же
рлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді
Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Осы тәуелсіз мемлекетімізді уақыт талабына сай салиқалы ақылмен, терең парасат - пайыммен басқарған Н. Назарбаев сынды ерен елбасын қалай мақтап, мадақтасақ та жарасады.Көп ұлтты халықтың арасында «ши» шығармай бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болып, дер кезінде республикадағы ұлттардың Ассамблеясының жұмысын жандандырып, олардың тілін, әдет - ғұрпын насихаттауға мүмкіндік жасалуын қадағалап келеді. Осылайша ел басқарудың ауыр міндетін қайыспай көтеруде. Елбасына деген ізгі ниет, бауырлық қимас сезімге толы. Мемлекетімізде істеліп жатқан игілікті істеріміздің барлығы экс- президент Н. Назарбаев есімімен байланысты.