Аман – сау жүрші қарттарым
- Ақжал кітапханасы
- 1 окт. 2018 г.
- 1 мин. чтения
1-Қазан Қарттар күнінде «Аман – сау жүрші қарттарым» атты әңгіме сұхбат өтті.
Мақсаты: Жас ұрпақ бойында адамгершілік қасиетті насихаттау, үлшкенді сыйлауға, құрметтеуе баулу, қарт адамдарға қол ұшын беруге даяр тұруға үйрету және инабаттылыққа үйрету. «Қарты бар ел – қазыналы ел» дейді халқымыз. Сондықтан сол қазынамызды қастерлей білу, ол
ардың қартығын мұнсыз өткізуге жағдай жасау біздің парызымыз. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді.
Comments