Қазақтың ардақты ұлы Ақан сері
Кітапхана оқу залында Ақан сері туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптар қойылды. Оқушыларға кітапханашылар Ақан Серінің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша шолу оқып өтті. Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұнамайды. Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған. Асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі, арқаның ардагер ақын әншісі болды. "Ойқалқа", "Біздің көңіл қайда жатыр".