Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ақын 160 жыл
«Бүгінде қазақстандық қоғамда жəне қазақ əдебиетін- де Мəшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармашылық мұралары лайықты орынға ие болуда деп айтуға əбден болады. Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – "Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, "Хал-ахуал”, "Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, "Миғраж”, "Хаятбақшы”, "Қорқыт”, "Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті. Біз Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тоқталсақ, оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант екенін көрсетеді. Ел ішінің жағдайына жастай қанық ақын ағайын-туыс, бауырдың жан сырын терең жырлайды, нәзік тербейді.