Дауылды жырлар жыршысы
Заманының алдаспан ақыны, батыр Махамбет Өтемісұлы 215 жыл «Дауылды жырлар жыршысы»,– атты еске алуға арналған поэзия кеші өтті.
– Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында елдің дамуы жолында еңбектенген азаматтарды білу, олардың ерліктерін, атқарған істерін халыққа насихаттау, естен шығармай ұрпаққа жеткізу мәселелері айтылды. Тарихты қарасаңыздар қажет кезде өмір сахнаға елім, жерім, Отаным деп, азаттық жолында жанын пида еткен талай азаматтарды шығарып отырған. Солардың бірегейі Махамбет десек артық болмайды. Махамбет Өтемісұлы қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады.