Ел таңдаған үш кітап
Жыл басталысымен кітапханашылар, «Бір ел бір кітап» акциясын насихаттауды бастап кетеді. Биылғы жылы екі жанрды таңдау шешілді, поэзия мен проза 2018 жылдың халықаралық оқуына таңдалған кітаптар: Келімбетов Немат «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлы«Ұшқан ұя», Шәкәрім Құдайбердіұлының поэзиясы. Кітап оқуға арналған кеңестер, «Ғасыр сыйлаған қайталанбас тұлғалар» атты көрме таныстырылды. Студенттерге, оқырмандарға кітапханашы Акжан Маралқызы авторлардың еңбегінен үзінді оқып,жаппай оқуға шақырды. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиеттеріміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету рухани мұрамызды сақтау жастарды Отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, акция қоғамның отандық әдебиетке классикаға қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. Кітап оқу- ойды жинақтауға, ми қызметін жан-жақты дамытуға әсер етеді. Әрқашан кітап оқудан жалықпайық. Баршаңызды кітап оқуға шақырамыз.