Аналарға мың алғыс
Кітапханамыздың оқу залында «Аналарға мың алғыс» орай
дөңгелек үстел өтті. Ару қыздың өмірдегі ең асыл мұраты – ана болу. Ана- дүниедегі ең аяулы сөз. Бұл сөзге бар әлемнің мейірімі мен махаббаты сыйып тұр. Ана-өмірдің, тіршіліктің тұнық бастауы. Тұнықтық та, мөлдірлік те, тазалық пен махаббат та Ана сөзінің астары, шынайы мағынасы.2018 жылдың наурыз айының 6 жұлдызында Ақжал кентіндегі кітапханашылар ұйымдастыруымен 8 Наурыз Халықаралық аналар күні мерекесіне арналған «Аналарға мың алғыс» атты кеш өтті. Кешті кітапхана қызметкерлері Жахметбекова К.Р және Ыбыш А.А ашты, іс- шара барысында зейнеткерлерді, Мұсатаева Дәкен, Мунтян Людмила, Молдабекова Құралай, Тұтқабекова Оркен, Құсайынова Динагүл,Мұхатаева Нұрбала, Сағынбаева Рымкүл мерекемен құттықтап, дастархан басына шақырылып, құрмет көрсетілді. Оқушыларға ата – ана алдындағы борыштарын ақтауға, саналы ұрпақ болып өсіп өнуіне бағыт- бағдар беру. Мейірімділікке, сый – құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қсиеттерді қалыптастыру. Қонақтарымызға мәдениет үйінің әншілері: Роза Құдайбергенқызы, Рымтай Рахымжанқызы, Аманжолов Бекзат ән шырқады. Сүйікті аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар. Кеш соңында кітапханашылар сөз сөйлеп, құттықтап, сыйлықтар табыс етті, ал қонақтарымыз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Аналарға арнайы «Құтты болсын нұрға толы мереке» кітап көрмесі ұйымдастырылды.