top of page

Ауғанның отты жалыны

Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 26 жылдығына Арналған «Ауғанның отты жалыны» атты Интернациолист жауынгерлермен тарихи сағат 2018 жылдың ақпан айының 20 жұлдызында Ақжал кенті кітапханасының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 28 жылдығына арналған «Ауғанның отты жалыны» атты интернациолистер жауынгерлермен тарихи сағат өтті. Бұл шараның мақсаты: жас жеткіншектерді патриоттық, отансүйгіштік рухқа тәрбиелеу. Бейбіт өмірімізді қорғайтын жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеуде майдангер азаматтарды үлгі өнеге тұту.

Тарихи сағатқа ауыл ақсақалдары, мектеп оқушылары қатысты. Іс шараның жүргізушісі Ақжал кенттік кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Жахметбекова К.Р. кешке арнайы шақырылған қонақтарымыз, ауданымыздар ауған соғысына қатысқан интернациолист жауынгерлер Сәуәр Владимир ағаларымызды шараға қатысушылармен таныстырып өтті. Іс-шара барысында арнайы ұйымдастырылған «Ауғанның отты жалыны» атты кітап көрмеге оқырмандарға кітапханашы Санбаева А. Шолу жасап, насихаттады. Оқырмандар Ауған соғысына қатысқан ардагер қонақтарымызға ауған соғысына байланысты сұрақтар қойып, сол сұрапыл кездегі оқиғалардан айтып берді. Оқырмандар арасынан ауыл ақсағалдар сөз алып, атап айтқанда жастардың патриот болып өсуі тәрбиеге байланысты екенін, бабаларымыздың ерліктерін насихаттай білу керек екенін атап өтті. Атамыз жасөспірім оқушыларға мұндай соғыс ешқашан қазақ жерімізде болмасын деп өзінің тілегін білдірді.. Кітапханашылар ауған соғысының ардагерлеріне тілегін білдіріп, естелік кітаптар табыс етті.


Таңдамалы жаңалық
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтер бойынша іздеу 
Тегов пока нет.
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page