top of page

Ел ертеңі – латын әліпбиіне көшу

  • 2 февр. 2018 г.
  • 1 мин. чтения

Кітапхана оқу залында « Ел ертеңі – латын әліпбиіне көшу » атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады » - деген болатын.

1.Біз латын әлібиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбиі бізге не береді?

2.Латынға көшкенімізде ұнататын тұстарымызды былайша жіктеп көрсетуге болады:

Ең алдымен тіл тазалығы мәселесі, қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі бодандық жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін қалыптастыру бағытындағы игілікті қадам деп түсінеміз. Сондықтанда тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз.


 
 
 

Комментарии


Таңдамалы жаңалық
Проверьте позже
Когда посты будут опубликованы, вы увидите их здесь.
Соңғы жаңалықтар
Мұрағат
Тегтер бойынша іздеу 
Біз әлеуметтік желідеміз
  • Facebook Basic Square
  • Twitter Basic Square
  • Google+ Basic Square
bottom of page