top of page

БІЗ ЖАЙЛЫ

Кітапхананың құрылып жұмыс істей бастағанына (1977-2014ж.ж) отыз жеті жыл болды. Алғашқы кезде кітапхана Ақадыр аудандық мәдени бөліміне қарасты «Балалар кітапханасы» болып ашылған. Алғашқы жылдары кітап қоры 2161 дана болды. 200 оқырманға есігін ашты. Кітапхана бір ғана кітап беру бөлімі ғана болатын.

Кітапханашы болып Жахметбекова Күмісай Рысқұлбекқызы қабылданды, осы орнынан үзбей еңбек етіп келеді.1997 жылдан бастап көпшілік кітапханасы деп атанды.

1997 жылдан 2010 жылға дейін кітапхана кішігірім көлемі бар бөлмеде орналастырылып,оқырмандарға қызмет көрсетілді.2009 жылдың желтоқсан айынан Бейбутова Сәуле Мадиқызы кітапханашы болып қабылданды, еңбек етіп келеді.

2010 жылдың мамыр айынан «Шұғыла» мәдениет үйіне «Модельді кітапхана» мәртебесін алып,кітапхана жұмыс істей бастады. Ақжал кенттік жаңа үлгідегі кітапханада бүгінгі күні:

-кітап беру (абонемент) бөлімі.

-оқу залы бар.

Бүгінгі күнде 2014 жылға кітап қоры 6011 дана.

Оқырмандар саны-680

Жахметбекова Кумисай Рыскулбекқызы.
КІТАПХАНАШЫ

     Жахметбекова Кумисай Рыскулбекқызы;

1960 жылы туған.Қарағанды қаласының мәдени оқу ағарту училищесінде (1984-1986)

жылдары оқып кітапханашы мамандығын аяқтады.Ақжал кентіндекітапханашы болып

1977 жылдан бастап еңбек етуде. 37 жыл үзбей жұмыс істеп

келеді.Кітапхана саласындағы еңбегі үшін бірнеше марапаттауларға ие болды.

Бейбутова Сауле Мадиқызы.  КІТАПХАНАШЫ

Бейбутова Сауле Мадиқызы.

1960 жылы 27 ақпанда туған.1982-1984 жылдары Жезқазған

мәдени-ағарту училищесінің кітапханашы мамандығын алып

шықты.Бүгінгі күні 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін

Ақжал кентінде кітапханашы болып жұмыс істеп келеді.

bottom of page